Список документов
Тамыз педагогикалқ кеңесі

 

Тамыз педагогикалық кеңесі

Білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен   тамыздың 21-де қалалық №3 орта мектебінде  дәстүрлі Тамыз педагогикалық кеңесi өткізілді. Қатысушыларға арнайы көрме ұйымдастырылып, кеңестің бағдарламасымен  таныстырылды . Кеңес  Есіл ауданы әкімінің орынбасары Ағымбаева С.К.,  аудандық маслихат хатшысы Құдабаев С.С.  және білім беру бөлімінің басшысы Н. Саматовтың  қатысуымен өтті.  Тамыз  педагогикалық кеңесі салтанатты түрде ашылып білім беруде белсенділік танытқан мұғалімдерді, әдістемелік бірлестіктің жетекшілерін, балабақша тәрбиешілері мен меңгерушілерді, үздік білім беру ұйымдары мен демеушілерді марапаттаумен жалғасты. Секциялар жұмысына 26 секция қатысты. Кеңес тақырыбын  «Сапалы білім беру мен тәрбие беру- Қазақстанның Мемлекеттік саясатының басымдылығы» білім беру бөлімінің басшысы толық ашып, өзекті мәселелер бойынша туындаған сұрақтарды бірлесе отырып шешуді ұсынды. Қазақстан Республикасының  тәрбие беру саласындағы ұлттық саясаты бойынша Свободный орта мектебінің тәрбие-ісі жөніндегі директордың орынбасары Сало Е.А., «Балаларға қосымша білім беру жүйесінің жеке мүдделері мен қабілеттерінің дамуын, жеке-дара білім алу жолын қамтамасыз етулегі орны» тақырыбы бойынша аудандық «Жас өспірімдер шығармашылық үйі» МКҚК тәлімгері Мұқанова А., «Физика пәнінен мұғалімнің инновациялық іскерлігі негізінде заманауи сабақ» бойынша №3 орта мектебінің оқу-ісі жөніндегі директордың орынбасары Сейтығалиева Р.М., «Оқушылардың денсаудық жайы, аудан мектептерінің оқу жылына дайындығы» бойынша «Есіл ауданының  МСЭҚБ» ММ жетекшісі Мухаметова Т.М. таныстырып, жыл бойы атқарылған жұмысты қортындылау мен құттықтау сөзі Есіл ауданы әкімінің орынбасары Ағымбаева С.К. берілді.  Пленарлық мәжіліс жас өспірімдер үйі мен музыкалық мектептің ,білім беру ұйымдарының  көмегімен ұйымдастырылған  мерекелік концертпен  жалғасты.   

 

 

Автор: Иргибаева Л
Просмотров: 413
Дата создания: 27 Августа 2013 г.
Дата редактирования: 27 Августа 2013 г.
www.egov.kz
Опрос