Балалардың сауықтыру лагері қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелер Жалпы ережелер

Балалардың сауықтыру лагері қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы

Ережелер

                        Жалпы ережелер

1.      Балалардың сауықтыру  лагері қызметін ұйымдастыру  тәртібі туралы осы ережелер  балалардың сауықтыру лагері, балалардың еңбек және демалыс лагері, балалардың профильді лагері, балалардың мектеп жанындағы лагері (бұдан әрі – Балалардың сауықтыру лагері) қызметін белгілейді.

2.      Балалардың сауықтыру лагері өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық кесімдеріне, Мектептен тыс ұйымдар қызметі туралы Ережеге (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 маусымдағы № 849 қаулысымен бекітілген), осы Ережелерге және Балалардың сауықтыру лагерінің жарғысына сәйкес жүзеге асырады.

3.      Балардың сауықтыру лагерінде азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің білімдік және мәдени қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында білім берудің қосымша дамыту бағдарламасы іске асырылады.

4.      Білім беру органдары, мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдар, жеке заңды тұлғалар және басқалары Балалардың сауықтыру лагерін қысқы, көктемгі және жазғы каникул мерзімінде, сонымен қатар жыл бойы қалада да, қала сыртында да құра алады. Балалардың сауықтыру лагерінің жұмыс тәртібі мынандай:

                        қала сыртындағы балалардың сауықтыру лагері жыл бойы немесе білім алушылар мен тәрбиеленушілердің каникул мерзімінде жұмыс істейді. Қала сыртындағы балалардың сауықтыру лагеріне 7 жастан  15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер жіберіледі, жазғы сауықтыру лагерінде болу мерзімі 20 күн, қысқы, көктемгі және күзгі сауықтыру лагерінде болу мерзімі 8-12 күн, жыл бойы жұмыс істейтін сауықтыру лагерінде-20-25 күн;

                        жоғарғы сынып оқушыларына арналған еңбек және демалыс лагері жазғы каникул кезінде ұйымдастырылады және жоғары сынып оқушыларының өндірістік практикасын өткізуді қамтамасыз етеді. Жоғары сынып оқушыларының лагерде болу мерзімі 12 күннен 24 күнге дейін болады;

                        оқушылардың бағдарлы лагері (мектебі) жыл бойы немесе каникул кезінде білім беру ұйымдарының және кәсіпорындардың базасында қалада немесе қала сыртында құрылады.

                        оқушылардың күндізгі сауықтыру лагері 6 мен 12 жас аралығындағы оқушылар үшін жазғы, күзгі, қысқы және көктемгі каникул кезінде ұйымдастырылады. Лагерь жалпы білім беретін мектептердің, мектептен тыс және мектепке дейінгі ұйымдардың және басқа орайластырылған ғимараттарда құрылады. Балалардың лагерде болу мерзімі 15 күннен 20 күнге дейін болады. Күндізгі сауықтыру лагерін тамақпен және тамақсыз  (сауықтыру алаңдары) ұйымдастыруға болады. 

5.      Балалардың сауықтыру лагерінің негізгі міндеттері:

1)      балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуына, шығармашылық еңбегіне, өздерінің қабілеттерін іске асыруы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету;

2)       олардың тиімді демалысын және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру;

3)       азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру;

4)      ғылыми, техникалық, көркемдік шығармашылықта, спортта, туризм мен өлке тануда, басқа да таным әрекеттерінде білімін, біліктілігін кеңейту және тереңдету;

5)      қоғамдық пайдалы іс-әрекетте дағдыларын практикалық түрде қолдану .

                        Қызметті ұйымдастыру

6.      Балалардың сауықтыру лагері Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылады.

7.      Балалардың сауықтыру лагерінің сауықтыру және білім беру қызметі ведмостволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауға жатады.

8.      Мемлекеттік балалардың сауықтыру лагерінің медицина және педагог қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген жеңілдіктерге құқылы.

9.      Балалардың сауықтыру лагері             “Білім туралы” Қазақстан Республикасының 1999 жылғы  7 маусымдағы Заңына сәйкес бес жылда бір рет мемлекеттік аттестаттаудан өтеді.     

                        Қызметінің негіздері

10.  Балалардың сауықтыру лагері балалардың сұранысын, отбасының және өзге де ұйымдардың қажеттіліктерін аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ұлттық-мәдени дәстүрлерінің ерекшеліктерін ескере отырып, өз қызметінің бағдарламасын өзі дербес жасайды.

11.  Балалардың сауықтыру лагеріндегі сауықтыру және білім беру бағдарламалары білім беру бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып табылады және тәрбиеленушілердің елжандылық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және адамгершілік сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан- жақты ынта-ықыластары мен қабілеттерін дамытуға бағытталуы тиіс.

12.  Балалардың сауықтыру лагерінде нәсілдік, ұлттық, діни, әлеуметтік ымырасыздық пен айрықшылықты насихаттауға, милитаристік және де халықаралық құқық пен ізгіліктің жалпы танылған қағидаттарына қайшы келетін өзге идеяларды таратуға тыйым салынады.

13.  Балалардың сауықтыру лагерінде балалар мен жасөспірімдердің жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес топтар, отрядтар, бағдарлы бірлестіктер құрылады, олардағы балалардың саны 25-30 ( ұл балалар мен қыз балалар бірге) болады.

14.  Топтардың және (немесе) отрядтардың қызметін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен білім беру саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілер негізінде әзірленген сауықтыру және тәрбие бағдарламаларын ескере отырып, педагог белгілейді.

15.  Жастары қатар және әртүрлі жастағы балалар Балалар паркінде ынта-ықыластары бойынша студияға, ансамбльге, топқа, үйірмеге, театрға (бұдан әрі-топтар) біріктіріледі. Топтардың құрылуы балалардың өз таңдауларына негізделеді. Топтардағы сабақтар біріңғай тақырыптық бағыттағы бағдарламалар немесе кешенді, үйлестірілген бағдарламалар бойынша өткізілуі мүмкін.

16.  Жыл бойы жұмыс істейтін Балалардың сауықтыру лагері балалармен күнтізбелік жыл бойы сауықтыру және оқу-тәрбие жұмысын қамтамасыз етеді. Оқу процесі және үйірмелердегі сабақ үстіндегі жылдың 25 мамырында аяқталады. Жазғы мерзімде үйірмелер білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ауыспалы құрамымен арнайы кесте бойынша жұмыс істейді.

17.  Каникул кезінде жұмыс істейтін Балалардың сауықтыру лагері балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі мен сауықтыру, туристік-өлкетану және саяхат қызметін, табиғатты қорғау және экологиялық жұмыстарын, демалысы мен көңіл көтеруін қамтамасыз етеді.

18.  Оқыту қызметі тиісті басқыштың бағдарламалары мен оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады. Үйірмелердің сабақтары үшін аптасына 4 академиялық  сағат беріледі.  6 жастағы балалар үшін аптасына 2 академиялық сағаттан аспайтын 35 минут көлемінде сабақ жүргізіледі.

19.  Сабақтар бағдарламаға сәйкес топпен, жеке немесе бірлестіктің толық құрамымен жүргізіледі. Әрбір топтағы оқушылар саны 15-тен кем болмауы тиіс.

20.  Балалардың сауықтыру лагері балалардың, жасөспірімдердің жазғы сауықтырылуы және демалысы мәселелері жөнінде әдістемелік орталық болып табылады. Балалардың сауықтыру лагерінде оқыту және сауықтыру процесін жетілдіруге бағытталған әдістемелік жұмыс жүргізіледі.

21.  Балалардың сауықтыру лагерінде қызметкерлерден оқыту процесін дамыту және жетілдіру мақсатында білім алушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік оңалдыруды қамтамасыз ететін әдістемелік, шығармашылық, бірлестіктер, психологиялық және әлеуметтік-педагокикалық қызмет құруға болады. Олардың қызметі жарғы белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

22.  Балалардың сауықтыру лагері әкімшілігі балалардың еңбегі мен демалыс режиміне қолайлы жағдай тудыруды, ата-аналардың тілегін, балалардың жас ерекшеліктері мен педагог қызметкерлердің ұсынысы бойынша белгіленген санитарлық-гигиеналық норманы ескере отырып, сабақ кестесін жасайды және бекітеді.

23.  Балалардың сауықтыру лагерінде сауықтыру және оқу-тәрбие процесі балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын ескере отырып жүзеге асырылады. Балалардың сауықтыру лагерінде білім алушыларды, тәрбиеленушілерді аурудан сақтандыру, олардың денсаулығын нығайту, денесін шынықтыру, салауатты өмір салтын ынталандыру шараларының орындалуы қамтамасыз етіледі.

24.  Балалардың сауықтыру лагері көпшілік шаралар әзірлейді және өткізеді, балалар мен жасөспірімдердің сауықтырылуы, еңбегі, демалысы үшін қажетті жағдай тудырады.

                        Сауықтыру және білім беру процесіне қатысушылар

25.  Балалардың сауықтыру лагерінің сауықтыру және оқу процесіне қатысушылар балалар, педагог қызметкерлер, білім алушылардың ата-аналары (кәмелетке толмағандардың өзге де заңды өкілдері) болып табылады.

26.  Балаларды сауықтыру лагеріне бала қабылдаудың жалпы тәртібін құрылтайшы белгілейді және ол Балалардың сауықтыру лагерінің жарғысында бекітіледі.

27.  Балалардың сауықтыру лагеріне бала қабылдау кезінде ата-аналарды немесе өзге де заңды өкілдері Балалардың сауықтыру лагерінің жарғысымен, сауықтыру және оқу процесін ұйымдастыратын және тәртібін реттейтін басқа да құжаттармен таныстырады.

28.  Балалардың сауықтыру лагеріне бала қабылдау кезінде балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы туралы дәрігердің қорытындысын тапсыру қажет.

29.  Білім алушылардың, ата-аналардың, (кәмелетке толмағандардың өзге де өкілдерінің), қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері Балалардың сауықтыру лагерінің жарғысымен және сауықтыру, білім беру саласындағы өзге де заңнамалық кесімдермен белгіленеді.

30.  Балалардың сауықтыру лагерінің сауықтыру және педагокикалық қызметіне тиісті кәсіптік білімі бар азаматтар жіберіледі.

31.  Қызметкер мен Балалардың сауықтыру лагерінің еңбек қатынастары еңбек шартымен реттеледі, оның шарттары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.

                        Балалардың сауықтыру лагерін басқару

32.  Балалардың сауықтыру лагерін басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, Мектептен тыс ұйымдар қызметі туралы Ережеге, осы Ережелерге және Балалардың сауықтыру лагерінің жарғысына сәйкес демократиялық, жалпы адамзаттық құндылықтардың басымдығы, тұлғаның еркін дамуы қағидаттарында жүзеге асырылады.

33.  Балалардың сауықтыру лагерін алқалы басқару нысаны кеңес, жалпы жиналыс, педагокикалық кеңес және басқа да нысандар болып табылады.

34.  Балалардың сауықтыру лагеріне тікелей басшылықты директор жүзеге асырады.

35.  Балалардың сауықтыру лагері директорын қызметке құрылтайшы тағайындайды және одан босатады.

36.  Директордың орынбасарын Балалардың сауықтыру лагерінің директоры тағайындайды және одан босатады.

                        Кәсіпкерлік қызмет

37.  Балалардың сауықтыру лагері жарғыға сәйкес білім беру және өзге де ақылы қызмет ұсыну есебінен кіріс әкелетін қызметпен айналыса алады.

                        Халықаралық қызмет

38.  Балалардың сауықтыру лагерінің халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңнамасы және халықаралық шарттар, келісімдер мен конвенциялар негізінде жүзеге асырылады.

                        Қорытынды ережелер

39.  Балалардың сауықтыру лагерін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

40.  Балалардың сауықтыру лагері қызметінің тәртібін осы ережемен реттелмейтін бөлікте құрылтайшы белгілейді және ол Балалардың сауықтыру лагерінің жарғысында бекітіледі.

 

 

Балалар мен жастардың  далалық шатырлық лагерiнiң қызметiн

 ұйымдастыру туралы ережелер

                        Жалпы ережелер

                        Балалар мен жастардың далалық шатырлық лагерлерінің қызметін ұйымдастыру  тәртібі туралы осы ережелер  (бұдан әрі – лагерь) далалық шатырлық лагерлер қызметін белгілейді.   

                        Оқушылардың далалық шатырлық лагерлері өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, “Бала құқығы туралы”, “Бiлiм туралы” Заңдарын және балалар мен жастардың мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдарының заңдық актілерін, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн басшылыққа алады.  

                        Лагерь балалар мен жастар дамуына арналған бағдарламалар аясында тәрбие мен  сауықтыру  қызметінің бiр түрi болып болып табылады. 

                        Оқушылардың балалар мен жастардың далалық шатырлық лагерi мынадай болуы мүмкiн:

1) күнделіктi;

2) жылжымалы.

                        Оқушылардың далалық шатырлық лагерi жазғы демалыс кезiнде, арнаулы дайындықтан өткен бiлiктi кадрларлары болған жағдайда жалпы орта бiлiм және қосымша бiлiм ұйымдары жанынан құрылады.  

                        Оқушылардың күндiзгi далалық шатырлық лагерi ережеге сәйкес әдетте күзгi және қысқы каникул кезiнде, ал жылжымалы далалық шатырлық лагерi көктемгi және жазғы каникул кезiнде ұйымдастырылады. Мұндай жағдайда күнделікті және жылжымалы лагерлерге жалпы қабылданған ережелер сәйкес бөлінеді: өрт қауіпсіздігі, селден қауіпсіз аймақ, лагерде демалушылар денсаулығы мен өмірі қауіпсіздігі, қоршаған ортаның эпидиемиологиялық тазалығы және санитарлық-гигиеналық  мөлшердің сақталуы, барлық жағдайда лагерь орналасқан аймақтың табиғи қауіпті апат аймағы т.б. болмауы ескеріледі.

                        Оқушылардың далалық шатырлық лагерi қызметiнiң негiздерi:

      Оқушылардың белсенді демалысын және бос уақыттарын тиімді пайдалану шараларын  ұйымдастыру;

      қоршаған орта жағдайына сәйкес қалыптасу біліктерін дамыту және білімдерін пайдалана білуге қалыптастыру;

      танымдық, шығармашылық, қоғамдық және өзіндік белсенділігін көрсету;

      денсаулығын нығайту және шеберліктерін көрсету;

      азаматтық және патриоттық сезімдерін қалыптастыру;

      салауатты өмiр салты дағдыларын  қалыптастыру;

      рухани-өнегелілік тәрбие беру;

      оқушылардың пайдалы қызметтерiн дамыту.

                        Оқушылардың далалық шатырлық лагерiнің ерекшелігі қоршаған орта жағдайында барлық қызметтерінің  үздiксiз жүзеге асыру кешенi болып табылады.

                        Далалық шатырлық лагерлердiң қызметiн жеке                                                              заңды тұлғалар атынан құру

                        Оқушылардың далалық шатырлық лагерi жеке заңды тұлғалар ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылады.

                         Оқушылардың далалық шатырлық лагерiнiң сауықтыру және бiлiм беру қызметi жеке заңды тұлға ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.  ҚР Білім және ғылым министрлігінде лагерлердің әр облыста ашылуы туралы бұйрық шығарылады.

                         Мемлекеттiк оқушылардың далалық шатырлық лагерiнiң медицина және педагог қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңнамаларында берiлген жеңiлдiктерге құқылы. 

                         Оқушылардың далалық шатырлық лагерi жеке заңды тұлға ретінде тiркеуден өткен болса, “Бiлiм туралы” Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы заңына сәйкес бес жылда бiр рет мемлекеттiк аттестаттаудан өтедi.

                        Қызметiнiң негiздерi 

                         Оқушылардың далалық шатырлық лагерi оқушылардың туристiк-өлкетану сұранысын, аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен негiзгi туристiк-экскурсиялық және үзiлiстiк ресурстар ерешелiктерiн ескере отырып, өз қызметiнiң бағдарламасын және жоспарын өзi дербес жасайды.

                          Оқушылардың далалық шатырлық лагерiнiң тәрбие бағдарламасы бiлiм беру бағдарламаларының құрамдас бөлiгi болып табылады және мазмұны бiлiмдiк, тәрбиелiк және сауықтыру (туристiк-спорттық) жөнiндегi шараларды қамтиды.  

                         Оқушылардың далалық шатырлық лагерiнiң бағдарламалары балалардың елжандылық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және адамгершiлiк сезiмiн қалыптастыруға, сондай-ақ тәрбиеленушiлердiң туристiк-өлкетану қабiлеттерiн дамытуға және туристiк дағдыларын жетiлдiруге бағытталуы тиiс.

                         Оқушылардың далалық шатырлық лагерiнде нәсiлдiк, ұлттық, дiни, әлеуметтiк ымырасыздық пен айрықшалықты насихаттауға, халықаралық құқық пен iзгiлiктiң жалпы танылған қағидаттарына қайшы келетiн милитаристiк және өзге де идеяларды таратуға тиым салынады.

                         Оқушылардың далалық шатырлық лагерi қызметiнiң бағдарламасы мен жоспары жергiлiктi бiлiм беру ұйымдарының оқушыларды туристiк экспедицияға шығару кезiндегi құжаттарды рәсiмдейтiн маршруттық бiлiктiлiк алқасының қарауына ұсынылады. 

                         Оқушылардың далалық шатырлық лагерiнде  балалар мен жасөспiрiмдердiң психологиялық ерекшелiктерiне және жас мөлшерiне сәйкес топтар мен отрядтар құрылады, ондағы бала саны Қазақстан Республикасының территорияларына экскурсиялар, экспедициялар, жорықтар өткiзу туралы нұсқауына сәйкес реттеледi.  

                         Топтардың немесе отрядтардың қызметтерiн бiлiм беру, спорт және туризм саласындағы мемлекеттiк нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң негiзiнде дайындалған оқушылардың далалық шатырлық лагерiнiң бағдарламасын ескере отырып, олардың жетекшiлерi (педагогтерi – туристер және өлкетанушылар) анықтайды.  

                         Топтардағы және отрядтардағы сабақтар бiрыңғай тақырыптық (туристiк – туризм, өлкетану бойынша) бағыттағы бағдарламалар немесе кешендi, үйлестiрiлген бағдарламалар бойынша өткiзiледi. 

                         Далалық шатырлық лагерi оқушылардың туристiк-өлкетану және экскурсиялық, денешынықтыру-сауықтыру қызметтерiн, табиғатты қорғау және экологиялық жұмыстарын, балалар мен жасөспiрiмдердiң бiрлескен еңбегi мен демалысы үшiн қажеттi жағдай жасайды.   

                         Оқушылардың далалық шатырлық лагерiндегi бiлiм беру қызметi тиiстi деңгейдегi  оқу бағдарламалары мен жоспарына сәйкес iске асырылады.  

                         Сабақтар бағдарламаға сәйкес топпен, жеке немесе бiрлестiктiң толық құрамымен жүргiзiледi. 

                         Оқушылардың далалық шатырлық лагерiндегi оқу-тәрбие және сауықтыру үрдiсiнiң негiзгi түрлерi  туристiк жорықтар, экскурсиялар,  бұқаралық туристiк-өлкетану шаралары (конкурстар, жарыстар) бағдарламаларымен анықталады.

                        Оқушылардың далалық шатырлық лагерiнде оқу-тәрбие және сауықтыру жұмыстарының нәтижелі болуы үшін шығармашылық бірлестіктер, психологиялық қызметтер, туристiк-өлкетану дайындықтарына бағытталған әдiстемелiк жұмыстар жүргiзедi.    

                         Оқушылардың далалық шатырлық лагерi әкiмшiлiгi балалардың еңбегi мен демалыс тәртiбiне қолайлы жағдай тудыру мақсатында, балалардың жас ерекшелiктерiн және белгiленген санитарлық-гигиеналық норманы ескере отырып, педагог қызметкерлерiнiң ұсынысы бойынша теориялық және практикалық сабақ кестесiн, туристiк-өлкетану шараларының күнтiзбелiк жоспарын жасайды және бекiтедi.   

                         Оқушылардың далалық шатырлық лагерiнде оқу-тәрбие және сауықтыру процесi балалар мен жасөспiрiмдердiң денсаулық жағдайын ескере отырып жүзеге асырылады. Оқушылардың далалық шатырлық лагерiнде аурулардан сақтандыру, денсаулығын нығайту жөнiндегi шаралар, ас әзірлеу, азық-түлікті сақтау, жатын орын, тамақтану орнын дайындауда санитарлық-гигиеналық мөлшерлер мен ережелер қатаң сақталады.    

                          Оқушылардың далалық шатырлық лагерiнде тәрбиеленушiлердiң өмiрi мен қауiпсiздiгiн сақтандыру мiндеттi болып табылады.    

                        Оқушылардың далалық шатырлық лагерiндегi бiлiм беру процесiне қатысушылар

                        Оқушылардың далалық шатырлық лагерiндегi оқу-тәрбие процесiне қатысушылар балалар мен жасөспiрiмдер, туристiк, педагогикалық және медициналық қызметкерлер, нұсқаушылар мен т.б. қызметкерлер болып табылады. 

                        Оқушылардың далалық шатырлық лагерiне қабылдаудың жалпы тәртiбiн құрылтайшы (лагерьдi ұйымдастырушы) белгiлейдi және қабылдау тәртiбiн реттейтiн тиiстi құжаттарда белгiленедi.  

                         Оқушылардың далалық шатырлық лагерiне қабылдау кезiнде лагерьдiң әкiмшiлiгi кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдердiн оқу-тәрбие және сауықтыру процесiн ұйымдастыру (iшкi тәртiп ережесi, оқушылардың далалық шатырлық лагерiнiң жұмыс жоспары мен бағдарламасы, қозғалыс маршруты және т.б.) және қабылдау тәртiбiн реттейтiн құжаттармен таныстыруға мiндеттi. 

                         Оқушылардың далалық шатырлық лагерiне қабылдау кезiнде кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерi далалық шатырлық лагерьдiң әкiмшiлiгiне лагерьге келген баланың денсаулығы туралы дәрігерлік анықтама қағазын тапсыруға мiндеттi.

                          Оқушылардың далалық шатырлық лагерiне қабылдау кезiнде жас мөлшерiне қарай шектеу Қазақстан Республикасының территорияларына экскурсиялар, экспедициялар, жорықтар өткiзу туралы нұсқауында көрсетiлген талаптарға сәйкес белгiленедi.  

                         Оқушылардың далалық шатырлық лагерiнiң тәрбиеленушiлерi мен қызметкерлерiне оқушылардың экспедицияларына қатысушылар мен жетекшiлердiң құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының территорияларына экскурсиялар, экспедициялар, жорықтар өткiзу туралы нұсқауына сәйкес жүктеледi. Кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерiнiң құқықтары мен мiндеттерi тиiстi заңнамалар мен Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық кесiмдерiмен белгiленедi.   

                         Оқушылардың далалық шатырлық лагерiнiң сауықтыру және педагогикалық қызметiне тиiстi кәсiптiк бiлiмi және жоғары туристiк бiлiктiлiгi бар азаматтар жiберiледi. Оқушылардың далалық шатырлық лагерiнiң жетекшiлерi мен олардың орынбасарларына оқушылардың туристiк экспедицияларының жетекшiлерi мен олардың орынбасарларына қойылатын талаптарға сәйкес талаптар қойылады.     

                         Қызметкер мен оқушылардың далалық шатырлық лагерi әкiмшiлiгiнiң еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларына сәйкес реттеледi.  

                        Оқушылардың далалық шатырлық лагерiн басқару

                         Оқушылардың далалық шатырлық лагерiн басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, Мектептен тыс ұйымдар қызметi туралы ереже, Қазақстан Республикасының территорияларына экскурсиялар, экспедициялар, жорықтар өткiзу туралы нұсқауы, Жастар туралы заң, жастардың мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдарының заңдық актілері және лагерьдің жариялылық қағидаттарына негізделіп жасалған Жарғысы негізінде жүзеге асырылады.

                         Оқушылардың далалық шатырлық лагерiн алқалы басқару нысаны нұсқаулық-педагогикалық кеңес, жалпы жиналыс және басқа да нысандар болып табылады.  

                         Оқушылардың далалық шатырлық лагерiне тiкелей басшылықты лагерьдiң бастығы жүзеге асырады. 

                         Оқушылардың далалық шатырлық лагерiнiң бастығын қызметке құрылтайшы тағайындайды және одан босатады. 

                          Өз орынбасарын оқушылардың далалық шатырлық лагерiнiң бастығы тағайындайды және босатады.  

                        Кәсiпкерлiк қызмет

                         Оқушылардың далалық шатырлық лагерi заңды құқығы бар мекеме ретiнде ақылы қызмет ұсыну есебiнен кiрiс әкелетiн қызметпен айналыса алады (жарғыға сәйкес).

                        Халықаралық қызмет

                         Оқушылардың далалық шатырлық лагерi өзiнiң қызметiн халықаралық ынтымақтық саласында жүзеге асыра алады. 

                        Оқушылардың далалық шатырлық лагерiнiң халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңнамасы және бекiтiлген тәртiп бойынша халықаралық шарттар, келiсiмдер мен конвенциялар негiзiнде жүзеге асырылады. 

                        Қорытынды ережелер

                         Оқушылардың далалық шатырлық лагерiн заңды құқығы бар мекеме ретiнде қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

                         Оқушылардың далалық шатырлық лагерi қызметiнiң тәртiбiн осы ережемен реттелмейтiн бөлiкте және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiндей құрылтайшы белгiлейдi және Оқушылардың далалық шатырлық лагерiнiң жарғысында бекiтiледi.  

 

 

 

Бағдарлы  сауықтыру лагерлері қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелер жобасы

1. Жалпы ережелер

                        Бағдарлы сауықтыру лагері  (бұдан ары - лагерь) каникул  кездерінде күндіз келетін немесе тәуліктік болып құрылады.

                        Бағдарлы сауықтыру лагері  - 7-16 жас аралығындағы қоғамдық белсенді және  шығармашылық қабілетті балалармен жүргізілетін  білім беру және сауықтыру қызметінің түрі.

                        Бағдарлы сауықтыру лагері құрамын  ең алдымен  аудандық, қалалық, облыстық пәндік олимпиадалар, шығармашылық байқаулар, фестивальдар, спорттық жарыстар жеңімпаздары, балалар және жастар қоғамдық бірлестіктерінің белсенділері сол сияқты жалпы орта, кәсіптік және қосымша білім аясындағы шығармашылық қызметтерде жоғарғы көрсеткіштерге жеткен балалар құрайды.

                        Бағдарлы сауықтыру лагері педагогикалық ұжымының неізгі мақсаттары мен міндеттері:

                        балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту,  тиімді демалысын және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру;

                        танымдық, шығармашылық және қоғамдық белсенділігін дамыту;

                        ғылыми, техникалық, көркем-шығармашылық, спорттық, туризм мен өлке тану, басқа да таным әрекеттерінде білімін, біліктілігін кеңейту және тереңдету;

                         азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру;

2. Қызметті ұйымдастыру және қызмет негіздері

                        Лагерді жалпы орта білім беретін мектептер,  мектеп-интернаттар,  балалар үйі, кәсіптік-техникалық және педагогикалық училищелер, мектептен тыс ұйымдар,  кәсіпорындар, клубтық ұйымдар т.б. өз базасында қала ішіндегі және қала сыртында жұмыс істейтін лагерь түрінде құра алады. 

                        Лагерь орналасқан аймақ,  ғимараттар  құрлысы талаптары мектеп жанындағы, қала сыртындағы сауықтыру және шатырлық лагерлердің тиісті орындарда бекітілген ережелеріне сәйкес орындалады.  Лагердегі балалар мен жасөспірімдер бірыңғай жастағы немесе әр жастағы балалар 2-5 сынып оқушылары үшін 25 адамнан артпайтын,  жоғарғы сынып оқушылары үшін 30 адамнан артпайтын топтарға біріктіріледі. 

                        Бағдарлы лагерде  балалардың сауықтырылу мерзімі және ауысым саны  саниталық-эпидемиологиялық ережелерге сай, жазда – 2 күнтізбелік аптадан кем емес, күзгі, қысқы, көктемгі каникул күндерінде – бір күнтізбелік аптадан кем емес болуы керек. Сабақтың ұзақтығы – күніне 3 сағаттан артпауы керек.

                        Бағдарлы сауықтыру лагері жұмыс түрі мен жұмыс істеу әдісін таңдағанда алғашқы кезекте оның білім және шығармашылық немесе еңбек бағытына тәуелсіз сауықтыру шаралары болуы тиіс, ал даму қабілеттеріне бағытталған білім беру қызметі екінші кезекте болады.

                        Балалар лагеріндегі сауықтыру және білім беру қызметінің негізгі мазмұны белгілі бір бағыттағы - ғылыми, техникалық, көркем-шығармашылық, спорттық, туризм мен өлке тану, басқа да танымдық білімдерін практикалық шыңдау болып табылады.  Салауатты өмір салтын қалыптастыратын балалар және жастардың қоғамдық ұйымдарының бағдарламаларын тарату, жекелеген немесе ұжымдық шығармашылық жұмыстармен айналысу болуы керек.

                        Балаларды тамақтандыру лагерь ашылған мекеменің асханасында немесе Аймақтық санитарлық эпидемиологиялық бақылау  орталығы келісімімен жақын арадағы  қоғамдық тамақтану  объектісінде орындалады.  Лагерге күндіз  келетін балалар 2 рет (түске дейін келетін балалар үшін) тамақпен қамтылады немесе үш рет  (кешкі сағат 18.00 дейін болатын балалар үшін).  Дала жағдайында балаларды тамақтандыру санитарлық-гигиеналық мөлшерлерге сай ұйымдастырылады.

                        Лагерь балаларының санына тәуелсіз, бір орыннан екінші орынға ауыстырылуы  немесе кері қайтуы, сондай-ақ жорықтар ұйымдастыру, жарыстарға қатысу т.с.с. лагерден тыс өткізілетін шараларға қатысу  кем дегенде екі педагогтың жетекшілігімен, тиісті транспорт арқылы жүргізіледі. 30 адамнан артық топты алып шығуда жетекші саны әрбір 15 адам үшін 1 адамға артып отырады.

3. Мамандар,  қызметкерлердің еңбек шарттары 

                        Бағдарлы сауықтыру лагерлердің қызметші мамандары  таңдалған лагерь бағытына сай болуы тиіс. Мысалы: спорттық бағыттағы лагерлер үшін – тиісті спорт түрінің жаттықтырушылары, туристік лагерлер үшін –1 дәрежелі жорықтарға қатысқан кәсіптік құжаты, жұмыс тәжірибесі бар турист-нұсқаушылар т.б.  

                        Білім беру қызметіне квалификациялық талаптарға сәйкес лауазымдық қызметке жоғарғы немесе арнаулы кәсіптік білімі бар мамандар тартылады.

4. Лагердегі балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығын қорғау

                        Лагерь бастығы және қызметкерлері лагердегі балалардың өмірі қауіпсіздігіне, денсаулығына тұтатстай жауап береді.

                        Қызметкерлер мен сауықтырылушы балалар лагердің ішкі  тәртібі ережелерін қатаң сақтауы тиіс, күн тәртібі тізбесін, оқу-және тәрбие жоспарларын орындауға тиіс. Лагерь аймағынан балалар лагерь қызметкерлерімен бірге ғана шығарылады.

                        Лагердің барлық бөлмелері өрт сөндіру құралдарымен және бұршақтан қорғану құралдарымен жабдықталуы тиіс.  Лагерде өрт жағдайында, апаттық жағдайлар кезінде балаларды қауіпсіз жерлерге көшіру жоспарлары дайын болуы қажет. Қысқы мерзімде үсіктен сақтану шаралары қарастырылуы тиіс.

                        Лагерь қызметкерлері оқушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігіне қатысты нұсқауларды алатын арнаулы семинарлардан кейін, дәрігерлік тексеруден кейін ғана жұмысқа жіберіледі.

                        Жорықтарды, экскурсияларды, экспедицияларды ұйымдастыру оқушылармен туристік жорықтар, экскурсиялар, экспедицияларды ұйымдастыру туралы Нұсқауларға сәйкес ұйымдастырылады.

 

5. Қаржыландыру, бухгалтерлік есеп және есеп беру

                        Лагерь ұйымдастырушылар есебінен, ата-аналар төлемімен т.с.с. қосымша табыс көздерімен қаржыланады.

                        Лагерь бухгалтерлік есеп және есеп беру жұмысын бекітілген формаға сәйкес жүргізеді.

                        Лагерді  қажеттіліктермен қаржыландырудың барлық шығындары әкімшілік бекіткен  шығындар сметасы  арқылы жүргізіледі.

                         Лагерді дөңгелек мөрі, өзіндік балансы, есеп шоты бар жеке заңды тұлға ретінде құруға болады.

 

 

 

Мектеп жанындағы және мектептен тыс жазғы сауықтыру лагерьлерiн

ұйымдастыру жөнiндегi ереже

                        Жалпы ережелер

                        Күндiзгi сауықтыру лагерi жазғы каникул кезiнде мынадай мақсатта құрылады:

                        балалар мен жасөспiрiмдердiң демалысын тиiмдi пайдалануына және сауықтырылуы мен демалысы үшiн қажеттi жағдайлар жасау, жалпы мәдениетiн, салауатты өмiр салтының дағдыларын қалыптастыру;  

                        балалардың денсаулығын нығайтуына, шығармашылық еңбегiне, өздерiнiң қабiлеттерiн iске асыруы үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету.

                        Лагерьдiң құрылтайшысы (ұйымдастырушысы) бiлiм басқармалары, бiлiм беру ұйымдары, жергiлiктi жердегi клубтар, балалар мен жастар ұйымдары, сол сияқты, жарғылық негiзде балалардың демалысын ұйымдастыра алатын басқа да ұйымдар болуы мүмкiн.

                        Жазғы сауықтыру лагерiн ұйымдастыру және қызметiнiң негiздерi

                        Лагерь жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, мектептен тыс ұйымдардың және балалар мен жасөспiрiмдердiң тұратын жерiндегi басқа да бiлiм беру ұйымдарының базасында құрылады.

                        Лагерь бiр немесе бiрнеше бiлiм беру ұйымдарының оқушыларынан        жинақталады.

                        Балалар мен жасөспiрiмдердiң лагерьде болу мерзiмiн және ауысым санын бiлiм беру, денсаулық сақтау ұйымдары берген нұсқауларын, табиғи-климаттық жағдайларын ескере отырып, құрылтайшы анықтайды.

                        Лагерьде топтар, отрядтар, бағдарлы бiрлестiктер құрылады, оларды толықтыру оқушылардың жас ерекшелiктерiне және ынта-ықыластарына, санитарлық-гигиеналық нормаларына, техника қауiпсiздiгi ережелерiне, қаржы және кадрлар мүмкiндiктерiне сәйкес анықталады.

                        Жұмыс мазмұнын, түрiн және әдiсiн балалар мен жасөспiрiмдердiң ынта-ықыласын ескере отырып, демократиялық және адамгершiлiк, ұлттық және мәдени-тарихи дәстүрлердi дамыту негiзiнде педагогикалық ұжым анықтайды.

                        Жұмыс мазмұнын, түрiн және әдiсiн таңдау барысында баланы дамытуға бағытталған (дұрыс тамақтану, медициналық қызмет көрсету, таза ауада болу, дене шынықтыру, сауықтыру, мәдени шараларды өткiзу, экскурсиялар, жорықтар, ойындар ұйымдастыру,    қызығушылықтары бойынша бiрлестiктерде сабақтар өткiзу: үйiрмелерде, секцияларда, клубтарда, шығармашылық шеберханаларда) сауықтыру және бiлiм беру қызметтерiне ерекше көңiл бөлу керек.

                         Өз қызметiнiң бағдарламасын, негiзгi бағыттарын, күн тәртiбiн, өзiн-өзiн басқаруды ұйымдастыруды лагерьдiң ұжымы дербес жасайды.  Жалпы жиналыста лагерь балалары мен қызметкерлерiнiң Кеңесi (басқару) немесе балалар мен қызметкерлердiң өкiлдiгiне тең келетiн өзiн-өзi басқару ұйымы сайланады.  Кеңес лагерь әкiмшiлiгiмен, ата-аналармен, өзге де заңды өкiлдермен тығыз қарым-қатынаста қызмет атқарады.

                         Балалар мен жасөспiрiмдердi тамақтандыру лагерь ашылған ұйымның асханасында немесе аймақтық Мемсанэпедбақылау орталығының келiсiмi бойынша, шарт жасасу негiзiнде, жақын жерде орналасқан қоғамдық тамақтандыру орнында ұйымдастырылады.

                         Экскурсия және басқа шаралар өтетiн жерге балалар мен жасөспiрiмдерден құралған топтарды жеткiзу жұмысын екi педагог жүзеге асырады, тиiстi көлiк түрiне қажеттi барлық талаптар сақталады. Топтағы балалардың саны 30-дан асқан жағдайда әрбiр 15 бала үшiн 1 педагог саны артып отырады.  

                        Кадрлар, қызметкерлердiң еңбек жағдайы

                         Құрылтайшы лагерьдiң құрылымын және штатын бiлiм беру ұйымдарының келiсiмi бойынша бекiтедi.

                         Құрылтайшы кадрларды iрiктеудi бiлiм беру, денсаулық сақтау, қоғамдық тамақтандыру ұйымдарымен және басқа да заңды орындармен бiрлесiп жүзеге асырады.

                         Бөлiнген бюджеттiк қаржы шамасындағы мақсаттар мен мiндеттерге байланысты, сол сияқты бюджеттен тыс қаржы көздерiн ескере отырып, штаттық кестенi лагерьдiң құрылтайшысы бекiтедi. Жетекшi мен педагогтер құрамы бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерiнен белгiленедi.  

                         Лагерьдiң жетекшiсi:

·         лагерьге жалпы басшылықты қамтамасыз етедi. Лагерь құрылтайшысының келiсiмi бойынша лагерьдiң iшкi тәртiп ережесiн, лагерь бойынша бұйрықтар мен жарлықтар шығарады, олар мiндеттi түрде арнайы журналға тiркеледi. 

·         лагерьдiң әрбiр ауысымында жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң (құрылтайшының келiсiмiнен кейiн) атқаратын мiндеттерiн дайындайды және бекiтедi; оларды еңбек шарттарымен таныстырады; лагерь қызметкерлерiмен техника қауiпсiздiгi жөнiнде нұсқау өткiзедi (арнайы журналға тiркеледi); балалар мен жасөспiрiмдердi жарақаттанудан сақтау және сәтсiз оқиғалардың алдын-алу жұмыстарын өткiзедi; лагерь қызметкерлерiнiң жұмыс кестесiн құрады;

·         балалардың бiлiм алуы және сауықтырылуы, еңбегi, демалысы үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз етедi.

·         балалар мен жасөспiрiмдердiң тамақтануын ұйымдастыру үшiн және лагерьдiң қаржы-шаруашылық қызметi үшiн жауапты.

                         Балалар мен жасөспiрiмдердiң денсаулығы мен өмiрi үшiн  лагерь жетекшiсiнiң (тәрбие, әдiстемелiк, ғылыми жұмыстары жөнiндегi) орынбасары, отрядтың тәрбиешiсi (аға тәрбиешiсi), дене тәрбиесiнiң мұғалiмi, қосымша бiлiм беру педагогi, медициналық қызметкерi жауапты. 

                         Лагерьде жұмыс iстеу үшiн педагог және басқа да қызметкерлердi iрiктеу тәртiбi, сол сияқты оларға еңбек ақы төлеу Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес белгiленедi.

                         Лагерьдiң педагогикалық қызметiне, педагогикалық қызметкерлердiң бiлiктiлiк дәрежесiне қойылатын талаптарға сәйкес, тиiстi кәсiптiк орта және жоғары бiлiмi бар азаматтар жiберiледi.   

                         Педагогтерге балалармен жұмыс ұйымдастыруда әдiстемелiк көмек көрсету, олардың шығармашылық шеберлiктерiн арттыру және жетiлдiру мақсатында лагерьде педагогикалық (әдiстемелiк) кеңес құрылуы мүмкiн.

                        Лагерьде балалар мен жасөспiрiмдердiң денсаулығын және өмiр                     қауiпсiздiгiн сақтау

                         Лагерьдiң жетекшiсi және қызметкерлерi демалып жатқан балалардың денсаулығы мен өмiр қауiпсiздiгi үшiн толық жауапты.

                         Лагерь қызметкерлерi және балалар тәртiп сақтауға, iшкi тәртiп ережесiн, күн тәртiбiн, оқу және тәрбие жұмыстарының жоспарын орындауға мiндеттi. Лагерьдiң территориясынан лагерь қызметкерлерi ере жүрмесе, шығуға рұқсат етiлмейдi.

                         Балалар мен жасөспiрiмдерге тексерiлген суаттарда, су алабында шомылуға рұқсатты лагерь жетекшiсi немесе дәрiгер  бередi, топ болып шомылғанда бала саны 10 адамнан аспау керек және суда жүзу жөнiндегi нұсқаулар аға тәрбиешiнiң және дәрiгердiң (мед.бикенiң) қатысуымен өтедi. 

                         Балаларды автокөлiкпен тасымалдағанда, көлiктiң техникалық жағдайына, жүргiзушiнiң дайындығына ерекше көңiл бөлiнедi.  Балаларды автокөлiктiң қандай түрiмен тасымалдағанда да, жауапкершiлiк лагерьдiң құрылтайшысына және жетекшiсiне  жүктеледi. Балаларды жүк автокөлiктерiмен тасымалдауға тиым салынады.

                         Лагерьдiң барлық ғимараттары өрт сөндiру және қорғану құралдарымен қамтамасыз етiледi. Лагерьде өрт шыққанда және апат болғанда балаларды эвакуациялау жоспары әзiрлену қажет.

                         Лагерьдiң қызметкерлерi жұмысқа арнайы семинардан, балалар мен жасөспiрiмдердiң денсаулығын және өмiрiн сақтау жөнiндегi нұсқаудан өткен соң және медициналық рұқсат қағазын көрсеткен кезде ғана жiберiледi. 

                         Жорықтар, экскурсиялар, экспедициялар Қазақстан Республикасының территориясына балалармен  экскурсиялар, экспедициялар, туристiк жорықтар ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi нұсқауға сәйкес ұйымдастырылады. 

                        Қаржыландыру, бухгалтерлiк есеп және есеп беру

                         Лагерь құрылтайшының есебiнен, сол сияқты ата-аналардың төлем ақыларынан және басқа да қосымша қаржы көздерiнен қаржыландырылады.  

                         Балалар мен жасөспiрiмдердiң лагерьде тегiн немесе жеңiлдiктердi пайдалану тәртiбiн жергiлiктi атқарушы ұйымдар анықтайды.   

                         Лагерьге қажеттi барлық қаржы шығындары ұсынылған сметаға сәйкес жүзеге асыралады.

                        Лагерьдiң құрылтайшысы лагерьдi қаржыландыруға бөлiнген қаржының дұрыс және мақсатты жұмсалуын бақылайды және лагерь жабылған соң қаржы қызметiнiң қорытындысын шығарады.

 

 

 

 

Автор: Богучарская Л
Просмотров: 17830
Дата создания: 28 Мая 2013 г.
Дата редактирования: 28 Мая 2013 г.